«Жастарға жұмыс» бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде кәсіпорындар қала жастарына 300-ден астам жұмыс орындарын ұсынды
Бүгін Алматыда «Жастарға жұмыс» жобасы аясында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен өткізілді. Кәсіпкерлер мен бизес өкілдерінің қатысуымен өткен іс-шарада 100-ден астам қала жастары мен тұрғындары болды.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – жастар үшін бос жұмыс орындарының қолжетімділігін кеңейту, жұмыс берушілермен тікелей сөйлесуге, бос жұмыс орындары туралы білуге, жұмыс жағдайларын талқылауға сынды мүмкіндік беру.
Сонымен қатар, іс-шараға «AMANAТ» партиясының фракция мүшесі, Алматы қаласының мәслихат депутаты Бақытбек Жұмабаев қатысып, партияның мобильді қоғамдық қабылдауы аясында қала тұрғындарымен өзекті мәселелер бойынша қабылдау өткізді.
Жәрмеңкеге Алматы қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығы мен «Qazaq STROY», «Атрикс-Строй» «Sheber Partners»,...