Көмек уақтылы көрсетілгенде екі бүлдіршінді де аман алып қалуға болар еді - омбудсмен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 5 жасар қыз бен Алматыда 7 жасар қыздың өлімі – жергілікті жерде профилактика жүйесінің жоқтығының тағы бір айқын дәлелі. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.