Республикалық трассалардың бірінде қозғалысқа шектеу қойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылғы 15 шілде күнгі сағат 18:00-ден бастап 16 шілде сағат 08:00-ге дейін (14 сағат) Р-10 айналма жолында (Ақмола өңірі) көлік қозғалысы толық шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтожол» мекемесіне сілтеме жасап.