Алматы тауларында жоғары өрт қаупі сақталып отыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өрт қаупі жоғары маусым басталғалы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті полиция қызметкерлері және орман шаруашылығы мекемелерінің өкілдері таулы аймақта демалып жатқан қонақтарға ескертпе парақтар таратуда. Бүгінге дейін 120 рұқсат етілмеген жерде от жағудың алды алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.