Жасөспірімдерді әскери есепке алу ісі автоматтандырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Енді жасы 17-ге толған қазақстандықтар әскери комиссариатқа барып есепке алынбайды. Аталған процесс автоматтандырылған. Әскерге баратын жастарды есепке алу жұмыстары туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған ведомствоның Telegram каналына сілтеме жасап.