Алматыда серозды менингит ауыруы артқан
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Жыл басынан бері Алматы қаласында этиологиясы энтеровирус болған серозды менингитінің зертханалық расталған 76 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі аурушаңдық көрсеткішімен салытырғанда 0,7 %-ға аурудың шамалы өсуі байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.