Маңғыстауда далаға төгілген мұнайдан мал қырылды – министрлік оқиғаның мән-жайын түсіндірді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін әлеуметтік желіде ұңғымадан шыққан мұнайдың далаға төгіліп, салдарынан маңайдағы төрт түліктің қырылып жатқаны көрсетілген бейнежазба жарияланды. Осы оқиғаға байланысты Экология және табиғи ресурстар министрлігі түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.