Ауыл әкімін өлтірген ақтөбелікке сот үкімі шықты
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы Алға аудандық сотында Қарабұлақ ауылының әкімі Ернар Махамбетовтің өліміне қатысты іс қаралып, үкім шықты. Сотталушы Құрман Өтегенов 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.