Алматыда 84 мыңнан астам ағаш шіріп тұр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Түгендеу мен жасыл желек тізіліміне сәйкес Алматы аумағында 4 млн астам ағаш өсіп тұр, оның 84 мыңнан астамының құлау қаупі бар. Өзегі шіріген ағаштың 35 мыңы көше бойында, 49 мыңы аулаларда. Бұл туралы қалалық экология және қоршаған орта басқармасы жасыл қорды басқару және мониторинг бөлімінің басшысы Нұрлан Құттыбаев баспасөз турында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.