Саммит: Қазақстан қысқа мерзімде 400 млн доллар болатын 100 түрлі тауар экспорттауға дайын
ЖИДДА. ҚазАқпарат – Бүгін «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің» бірінші саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге қатысты ұсыныс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.