Қазақстан энергия ресурстарын тасымалдау бағыттарын әртараптандыруда
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан энергия ресурстарын тасымалдау бағыттарын әртараптандыруда. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» бірінші саммитінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.