ШҚО-дағы жол апаты жиі болатын Осинов асуында полицейлер кезекшілік етуі мүмкін
ӨСКЕМЕН ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жиі жол апаты болатын Осинов асуында полицейлер тәулік бойы кезекшілік етуі мүмкін. Бұл туралы әкімдікте өткен жиналыс барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.