Ұлыбританияда мигранттарға арналған баржа-үй пайда болды
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Ұлыбританияның оңтүстігінде мигранттарға арналған баржа-үй пайда болды. Футбол алаңының үлкендігіндей, биіктігі үш қабатты баржаға жуырда әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған 500 адам қоныстанбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап.