СҚО-да биыл жіті ішек инфекциясымен 151 адам ауырды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биылғы жарты жылда 151 адам жіті ішек инфекциясын жұқтырған. Бұл дерт жұқпалы аурулардың ішінде таралуы жағынан тұмау мен жіті респираторлық инфекциялардан кейін үшінші орында келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.