Жетісулық кәсіпкер жасаған сабын Қытайда сұранысқа ие
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – «Бір ауыл – бір өнім» жобасы финалистерінің бірі – жетісулық Нұржәнет Ердәулет үй шаруашылығында шеберхана ұйымдастырды. Ол саумал, қымыз, айран, бал, жануар майынан ата-баба әдісі бойынша сабын шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.