Қонаев тұрғанда Каппадокияға барудың қажеті жоқ: Қазақстанда алғаш рет әуе шарлары фестивалі өтті
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Қазақстанда алғаш рет «Мың бояулы аспан» әуе шарлары фестивалі өтті. Қонаев қаласына әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар 30 шарды аспанға ұшырып, жарқын да әсерлі шара ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.