«Ұлттық сараптама орталығы» филиалының басшысы пара берді деген күдікке ілінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК төрағасының бұрынғы орынбасары С. Байгабуловқа осы ұйымның Жетісу облыстық филиалының директоры А. Манкеев пара бергені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.