Астанада дәрігер Иван Лиге мемориалдық тақта орнатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада №2 қалалық көпсалалы аурухананың бұрынғы басшысы Иван Лиді еске алу іс-шарасы өтті. Оның құрметіне медициналық мекеме ғимаратының қасбетіне мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.