Билігі мен қаржысы жоқ ауыл әкімдері проблеманы шешуге қауқарсыз - ауылдық округ әкімі
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Ауылдың қазіргі ахуалы, шешімін таппай келе жатқан өткір мәселелер, ауыл әкімінің рөлі мен мәртебесі және олардың қызметтеріндегі кедергілер. Осы және басқа да өзекті мәселелер «AMANAT» партиясынан сайланған ауылдық округ әкімдерінің партия хатшысы Эльдар Жұмағазиевпен кездесуі барысында талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.