Ұлытау облысында 15 дәрігерге 5 млн теңгеден беріледі
ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат – Ұлытау облысының денсаулық сақтау саласындағы ең үлкен проблема – кадрлар тапшылығы. Осы мәселені шешу үшін тиісті ведомство басшылығы басқа өңірлерден мамандар тартуға ниетті. Ол үшін келген дәрігерлерге 5 млн. теңге көлемінде көмек беріледі деп көзделіп отыр. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, бұл өңірдегі медицина саласындағы басқа да маңызды мәселелерді шешуге көмектеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.