Астанада 10 мың ақылы автотұрақ ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты аясында елордада 10 мың орындық ақылы автотұрақ ашылады. Бүгінде оның 7 жарым мыңы пайдалануға берілді. Бұл туралы Астана қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ержан Диханбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.