Грекиядағы орман өрті оқ-дәрі қоймасына жетті
АФИНЫ. ҚазАқпарат – Орталық Грекияда өрт сөндірушілер орман өртінің әскери нысандарға таралуын тоқтата алмады. Грекиядағы Эгей теңізі жағалауындағы өртке оранған ВВС Волос базасы ауданында күшті жарылыстың дауысы естілді. Табиғи өрт мұндағы оқ-дәрі қоймаларын жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.