Түркістандық оқушылар ғарыш наносерігімен байланыс орнатты
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласындағы оқушылар сарайында еліміздегі жалғыз спутниктік робот техникасы үйірмесі жұмыс істейді. Оған 30-ға жуық бала қатысса, басым бөлігі – қыздар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.