Қазақстанға биыл тағы 11,5 мың электромобильді жеңілдікпен әкелуге болады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ел аумағына жолаушылар кедендік декларациясы бойынша кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатыла отырып, 3 442 электромобиль әкелінді. Жыл соңына дейін тағы 11 558 электромобиль әкелуге мүмкіндік бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.