Қытайдың Чэнду қаласында XXХI Дүниежүзілік жазғы Универсиада басталды
БЕЙЖІҢ-ЧЭНДУ. ҚазАқпарат – Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік жазғы Универсиада ашық деп жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Салтанатты ашылу рәсімі жұма күні кешке Қытайдың Чэнду қаласындағы спорт стадионында өтті.