Ғалым қазақша ымдау тілін танудың интеллектуалды жүйесін ойлап тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ғалым Нұрзада Амангелді қазақша ымдау тілін танудың интеллектуалды жүйесін жасап шығарды. Бірегей әзірлеме ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.