Түркістан қаласына отырғызылған ағаштардың көбі жерсінбей қурап кетті
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласына отырғызылған ағаштардың көпшілігі жерсінбеді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласының халқымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.