Өлген адамдарға тегін дәрі-дәрмек берілген - Министрлік ақпаратты жоққа шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде Олжас Әбішевтің (2017-2020 жылдары денсаулық сақтау вице-министрі болған - ред.) «қайтыс болған адамдарға рецепт бойынша тегін дәрі-дәрмек беріледі» деп айтқан сұхбаты тарады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі осы мәлімдемеге түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz ресурсына сілтеме жасап.