Адамды аздырады: Ауғанстанда тәліптер музыкалық аспаптарды өртеп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Талибан» экстремистік қозғалысының өкілдері (Қазақстанда тыйым салынған) мыңдаған доллар тұратын музыкалық аспаптар мен аппаратураларды өртеді. Олардың пікірінше, музыка моральдық азғындауға әкеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.