Тамыз айында ауа райы қандай болады
АСТАНА. ҚазАқпрат - Қазгидромет синоптиктері тамыз айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Олардың айтуынша, тамыз жаз маусымын аяқтайды және Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райынан басталады. Атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, бұршақ жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.