Швецияда парламент ғимаратының жанында Құран өртелді
СТОКГОЛЬМ. ҚазАқпарат – Швецияда парламент ғимаратына жақын жерде Құран кітабы өртелді. Оны ұйымдастырған – Ирак мигранттары Салван Момика мен Салван Наджем. Алауыздық тудыруға қатысты осыған ұқсас манифестация өткізгені үшін олардың үстінен қылмыстық іс бұған дейін қозғалған болатын – екеуі Құран парақтарын жаққан еді. ҚазАқпарат бұл туралы Анадолыға сілтеме жасап хабарлайды.