Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2023

ҚазТАГ тілшісіне жасалған шабуыл: Журналист істе жәбірленуші танылды

0
ҚазТАГ тілшісіне жасалған шабуыл: Журналист істе жәбірленуші танылды

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полициясы кәсіби міндетін атқару кезінде шабуылға ұшыраған ҚазТАГ тілшісі Диана Сапарқызын оқиғадан кейін үш апта өткен соң жәбірленуші деп таныды. Тиісті қаулы 9 қыркүйекте шықты. 

Іс "Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау" (158-бап, 2-бөлік) бойынша тергеліп жатыр. Бұған дейін "Қазақстан" шахтасының аумағынан ақпарат таратқан Диана Сапарқызына шахта иесі "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының қызметкерлері мен жеке күзет фирмасының өкілдері тап берген еді. Іс нақты адамдар үстінен емес, оқиғаға қатысты қозғалған. 10 қыркүйекте таңертең Диана Сапарқызы тергеуге шақырылып, полицияда бірнеше сағат болды. 

Журналистің адвокаты Шырын Әмірғалиеваның айтуынша, тергеу органдары оқиғаны қылмыс емес, әкімшілік құқық бұзушылық ретінде көрсеткісі келген. 

— Полиция қылмыстық іс қозғағысы келген жоқ: бастапқыда істі тіркеп, кейін номенклатураға итеріп қойды. Журналистің жарақатына сараптама жүргізілгеннен кейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, шабуылдаушы екі адамның біріне әкімшілік іс қозғалған. Біз қылмыс құрамы барын айтсақ та полиция бізді тыңдағысы келген жоқ. Прокуратураға сүйеніп, "іс сотқа жіберілсін: егер қылмыс құрамы болса, онда әкімшілік заңбұзушылықты тоқтатып, жеке қаулы шығарады, қылмыстық іске жөнелтеді" деді. Осылайша бәрін сотқа аударғысы келді, – деді журналисті қорғап жатқан "Әділ сөз" баспасөз қорғау ұйымының адвокаты Азаттыққа. 

18 тамызда "Қазақстан" шахтасында апаттан хабар таратуға барған ҚазТАГ тілшісі Диана Сапарқызына екі ер адам тап беріп, телефонын тартып алған, кейбір файлдарды өшіріп тастаған. Журналист өзіне тап берген адамдарды видеоға түсіріп алған. 

Сот медицина сараптамасынан өткеннен кейін Диана Сапарқызы "журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіру" бабы бойынша полицияға арыз түсірді. Дәрігерлер оның сол иығы қанталап кеткенін анықтаған. Сарапшы оның жеңіл дене жарақаты алғанын айтады. Полиция тергеушісі сот медицина сараптама өкілдеріне тек дене жарақатына қатысты емес, "журналист ішімдік ішкен бе?" деп те сұрақ қойған. Сарапшы қорытындысында оны анықтау міндетіне кірмейтінін айтқан. 

"Әділ сөздің" жазуынша, полицияға берілген түсініктемеде шахтаның күзет қызметкерлері өздеріне бір адам видео түсіріп жатқаны туралы хабар түскеннен кейін оны "шахта аумағынан шығарып салғанын" жазған. Олар журналиске күш қолданғанын жоққа шығарып, оның журналист екенін білмегенін де айтқан. 

Бұған дейін "Журналистерді қорғау комитеті" (CPJ) халықаралық ұйымы Қазақстан билігін ҚазТАГ агенттігінің тілшісі Диана Сапарқызына "Қазақстан" шахтасында жасалған шабуылды тергеуге шақырған. Ал "Әділ сөз" бас прокурорға ашық хат жазып, тиісті шара қолдануға үндеген.  

Қазақстанда журналистерге шабуыл – сирек кездесетін құбылыс емес. Қазақстан бүкіләлемдік баспасөз бостандығы индексінде 134-орында тұр. Бұл рейтингті халықаралық "Шекарасыз тілшілер" ұйымы дайындайды. Ұйым өкілдері Қазақстанда "ақпаратқа қолжеткізу құқығы шектелген", "үкімет ақпараттық кеңістікті бақылауда ұстағысы келеді", "журналистер цензурадан зардап шегіп отыр" деп есептейді.





Губернаторы России
Москва

Собянин анонсировал большую летнюю спортивную программу





Москва

«СВЯТОЙ ЛЕНИН» спасает население от борьбы с перенаселением, 3 серия, СЕРЬЁЗНЫЙ НОВОСТНОЙ СЕРИАЛ.


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин анонсировал большую летнюю спортивную программу



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Певец

Певца и поэта Рябуху наградят званием «Заслуженный артист Забайкальского края»




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Волонтеры Президентской академии в Санкт-Петербурге вносят свой вклад в развитие и повышение доступности спорта для граждан

VK Fest 2024: Музыка и Развлечения на Открытых Площадках России

Представители KAMA TYRES приняли участие в 57-й легкоатлетической эстафете


Ролан Гаррос

Соболенко победила на старте открытого чемпионата Франции по теннису



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Студенческий педагогический отряд МГППУ «Инфинити»: готовы покорять целину!



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России