Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2023

Таразда Қазақстан мен Қырғызстан Премьер-Министрлері келіссөз жүргізді

0

Таразда Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаровтың қатысуымен қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 11-ші отырысы өтті. Шағын және кеңейтілген құрамда өткен келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Екі елдің орталық мемлекеттік органдарының басшылары қатысқан Үкіметаралық кеңестің негізгі тақырыптары сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, суды пайдалану және […]

Сообщение Таразда Қазақстан мен Қырғызстан Премьер-Министрлері келіссөз жүргізді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Таразда Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаровтың қатысуымен қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 11-ші отырысы өтті.

Шағын және кеңейтілген құрамда өткен келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Екі елдің орталық мемлекеттік органдарының басшылары қатысқан Үкіметаралық кеңестің негізгі тақырыптары сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, суды пайдалану және энергетика саласындағы өзара іс-қимыл, өнеркәсіп пен АӨК-те кооперациялық жобаларды іске асыру, республикалардың транзиттік-көлік әлеуетін дамыту, туризм және мәдениет салаларындағы бірлескен бастамалар болды.

Әлихан Смайылов екі елдің Мемлекет басшыларының күш-жігерінің арқасында соңғы жылдары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі жаңа серпінге ие болғанын атап өтті.

«Қырғызстан біз үшін тату көрші, бауырлас ел ғана емес, сондай-ақ маңызды сауда-экономикалық серіктес мемлекет болып табылады», — деді Үкімет басшысы.

Республикалар арасында өзара тауар айналымы тұрақты түрде өсуде. 2022 жылы сауда көлемі шамамен 19%-ға ұлғайып, $1,3 млрд-қа жетті. Сонымен бірге биыл да оң динамика байқалып отыр: 7 айда тауар айналымы 13%-ға өсіп, $757 млн-ды құрады.

Сонымен қатар Премьер-Министрдің айтуынша, транзит, көлік, коммуникация, туризм және басқа салаларда ынтымақтастық дамып келеді. Өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, цифрландыру салаларында жақсы перспективалар бар.

Үкімет басшысының сөзінше, осы тұрғыда бірқатар маңызды бірлескен жобаны іске асыруды жеделдету қажет. Атап айтқанда, жақын арада шекара маңындағы аумақтарда индустриялық сауда-логистикалық кешен құру жаңа кооперациялық жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететін болады. Бұл сондай-ақ екі мемлекет басшыларының тауар айналымын $2 млрд-қа дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына қол жеткізуге үлесін қосады.

Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтерінің басшылары екі елдің мүдделерін ескере отырып, өзара құрмет пен тату көршілікке негізделген су саласындағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

«Біздің халықтарымыздың өміріне тікелей әсер ететін экология және суды ұтымды пайдалану саласында ынтымақтастықты дамыту аса маңызды болып табылады. Су ресурстарын әділ және ашық басқаруды қамтамасыз ету мақсатында бізге мемлекетаралық су шаруашылығы каналдарын цифрландыру арқылы тиімді мониторинг жүргізу тетігі қажет. Гидрологиялық ақпарат алмасуды, атап айтқанда, су қоймаларына келетін ағын су және бассейн бойынша су алу жөнінде ақпараттармен қамтамасыз ету маңызды», — деді ҚР Премьер-Министрі.

Үкімет басшысының пікірінше, су ресурстарын бірлесіп пайдаланудың құқықтық тетігін жетілдіру өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін болады.

Үкімет басшысы сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстардың да белсенді түрде дамып келе жатқанын айтты.

«Қазақстанның 2021 жылы Қырғызстандағы, 2022 жылы Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндері практикалық және рухани байланыстардың дамуына оң септігін тигізді», — деді Әлихан Смайылов.

Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров екі мемлекет басшыларының жуырдағы өзара сапарлары барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалғанын еске салды.

«Екі бауырлас халықтың игілігі үшін уағдаластықтарды ілгерілету мақсатында барынша күш салатынымызға сенімдімін», — деді А. Жапаров.

Келіссөз қорытындысында тараптар ынтымақтастықтың барлық өзара тиімді бағыттары бойынша белсенді іс-қимылды қолдауға дайын екендерін растады.

Сообщение Таразда Қазақстан мен Қырғызстан Премьер-Министрлері келіссөз жүргізді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.





Губернаторы России
Москва

Собянин рассказал о работе сервиса «Вместе с культурой»





Москва

Новая попытка азербайджанских вандалов исламизировать армянское культурное наследие в оккупированном Шуши


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин рассказал о развитии завода «Москвич»



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Bon Jovi

Гітарист Річі Самбора шкодує, що не пішов із Bon Jovi раніше




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Сергей Лёвкин: в Митине завершат возведение физкультурно-оздоровительного комплекса

Звезды спорта. Кто они такие и почему их так называют?

Искусство продвинутого анализа в спортивном прогнозировании


Даниил Медведев

Без защиты: как Медведев и Хачанов проиграли свои матчи в Риме



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Президент России утвердил Основы государственной политики РФ в области исторического просвещения: комментарий экспертов Президентской академии в СЗФО



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России