Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Декабрь
2023

"Тоқалдан туған балаларын заңдастыру" ма? Әлеуметтік желіде Назарбаевтың кітабы жайлы не жазды?

0

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты "жанары оттай жанған, аққұба келген тал шыбықтай мүсіні бар әдемі қыз" жылдар бойғы "жан жалғыздығынан" құтқарған. "Менің өмірім. Бодандықтан бостандыққа" атты жаңа кітабында экс-президент жас тоқалы жөнінде алғаш рет баяндайды. Мемуар Назарбаев өмірінің әр кезеңдерін қамтығанмен оқырмандар экс-президенттің екінші отбасы барын мойындағанына назар аударып, желіде соны қызу талқылайды.  

Кітапта Назарбаев 60-қа таяған шағында өзінен шамамен 40 жас кіші Әсел есімді әйелмен «мұсылманша неке» қиғанын, одан Тауман мен Бәйкен есімді екі ұлы барын алғаш рет мойындайды.

Негізінен Әсел Құрманбаеваның (бастапқы тегі Исабаева) есімі қазақстандықтарға таңсық емес. 2021 жылы OCCRP журналистер тобы Назарбаевқа жақын олигарх оффшор шотынан Құрманбаеваға 30 миллион доллар аударғаны әшкере болған. Ұлдарының жеке дерегі де жарияланып кеткен. Назарбаев тоқалы туралы жазған кітаптың «Жүрекке әмір жүрмейді» атты тарауында Әселдің тегін атамайды. Оны алғаш Талдықорғанға іссапармен барғанда әуежайда көргенін, оның қолынан гүл алғанын жазған.

"Оттай жанған жанары да, аппақ жүзі де, талшыбықтай мүсіні де көпке дейін көз алдымнан кетпей жүрді. Арада біраз уақыт өтті. Мені Талдықорған әуежайында қарсы алған әдемі қыз ойыма орала берді. Күндердің күнінде оны табудың сәті аяқ астынан түсе кетті. Газеттегі бір фото көзіме оттай басылды: Астанада «Қазақстан аруы» конкурсы өтіп, бас жүлде — Гран-приді сол қыз (есімі Әсел екен) жеңіп алыпты. Оны іздеу қиынға соққан жоқ. Таныстығымыз жарастыққа, жарастығымыз жақындыққа ұласты. Бара-бара жүйелі түрде жолығуға айналдық. Әселдің бойынан да, ойынан да өзім іздеген көп қасиет таптым. Ең бастысы — жылдар бойғы жан жалғыздығынан арылдым. Мұсылман жолымен некемізді қидырдық. Әсел маған екі перзент — алтын асықтай екі ұл сыйлады. 2005 жылы Тауман, 2008 жылы Бәйкен дүниеге келді" деп жазылған кітапта. 

Әсел Құрманбаева жөнінде Назарбаевтың бұрынғы күйеубаласы, 8 жыл бұрын Австрия түрмесінде жұмбақ жағдайда көз жұмған Рахат Әлиев өзінің "Өкіл әке" кітабында да жазған. Бұған дейін Назарбаев бұрынғы күйеубаласының жазғаны мен оппозициялық БАҚ-тарда шыққан мақалаларға реакция білдірмеген. 

Жаңа кітабында Назарбаев ресми некедегі әйелі Сара Назарбаева "жомарттық танытып, күйеуін түсінгенін" жазады.  

Әлеуметтік желіде кешеден бері әсіресе кітаптағы осы бөлік қызу талқыланып жатыр. 

Серік Абас-шах: "...Мұның бәрі саяси, бірақ өте арзан шоу. Шынымды айтсам, ішімде ит ұлығындай болды. Бұрынғы президентіміз бұрыннан айтылып келе жатқан тоқалы туралы өсекті - легализациялады. Қоғамның Назарбаевтан күтетін жауабы бұл емес, басқа еді.

Ол неге 30 жыл бойы қолданыстағы заңды өзін қоршаған олигархтардың, отбасының ыңғайына бейімдеді, ол неге қыздарына, туыстарына "Қазақстанның асты-үсті "байлығының иесі біз” деген көзқарастың қалыптасуына халықтың көз жасы мен қаны есебінен жол беріп алды. Ол неге 20 млн халқы бар қазақ елін саяси амбициясының тұтқынына айналдырды.. 30 жылда ол неге мемлекетшіл-ұлтшылдық бағыттағы үкімет құрамын қалыптастыра алмады, неге біз жемқорлар билеп-төстеген Қазақстанға айналдық.

Жеке басқа табыну синдромының ел көлемінде жайылып кетуіне неге жол берді... Көңілдегі "неге?" деген көп сауалға жауап беруге Тұңғыш президентіміздің қалған өмірі жетеді деп ойлаймын. Бұл оған халқы алдында тазару үшін, арылу үшін керек. Пікір иесі Гүлбаршын Сабаева" 

Дмитрий Гордон: Назарбаев әйелі Сарамен некеде тұрып, "жан жалғыздығын" сезінгенін жазды.

Назарбаев кітабына қатысты қолданушылардың пікірі екіге жарылды. Бірі экс-президенттің мойындауын жылы қабылдады...

Ермек Нарымбай: Назарбаевтың осындай шынайы, күрделі қадамын жылы қабылдау керек деп ойлаймын. Мен әрдайым шыншылдық, түсінісуге талпыныс жағындамын. Бірақ мұның бәрі оның халқына істеген қатігездігін ақтай алмайды.

...Кейбірі оны айыптап, жазба жариялады. Қолданушылар Қазақстанда екі әйел алуға заңмен тыйым салынғанын еске салады. 

Krivosheev.live: Сонда бірінші президент қылмыс жасағанын мойындап тұр ғой. Конституция гаранты болса да құқықты таптап, екі әйел алған. Ол өзінде екі отбасы барын мойындап тұр, ал мемлекет діни некені мойындамайды. Назарбаевты адам ретінде түсінуге болады, бірақ мемлекет басшысы ретінде әрекетін ақтай алмайсың. Шексіз билік және содан туындайтын құмарлық. Жасы келген әйел кімге керек? Адам ұқсап ажырасып, одан кейін қалағанын істесе болар еді.

Казбек Бейсебаев: Осының бәрі ресми некеде тұрған кезде болған. Ол өзі бізге үнемі мораль оқушы еді. 

Askar Zhenayev: Бос сандырақ... Біреу тоқал алғысы келеді немесе біреудің әйелі күйеуі екінші әйел алатынын айтып жатқан жаңалықтарды көрген кезде жүрегім айниды. Қазақстанда екі әйел алуға заңмен тыйым салынған (екі күйеуге тиюге де). Сондықтан әлдекім "екінші әйел" немесе "тоқал" деген кезде шын мәнінде ашына немесе көңілдесі туралы айтып отыр деп түсіну керек. Екеуінде де іс жүзінде біреудің қаражаты есебінен тұрған әйел туралы болып отыр. Әйтпесе ондай нәрсеге келіскен әйелді басқаша қалай атай аласың? Ондай әйелдерді айыптамаймын. Көп жағдайда олар үшін бұл материалдық жайлылықты қамтамасыз ету мүмкіндігі. Діни некелер заңмен мойындалмаған. Бұл жерде басқа қандай әңгіме айтуға болады. Бір сөзбен айтқанда, маразм. 

Көбі жас айырмашылығына назар аударды. Құрманбаева –  Назарбаевтың кіші қызды Әлиямен жасты.

Жаңа кітапты тек қазақстандық қолданушылар ғана талқылаған жоқ. Әлеуметтік желілерде ресейлік қолданушылар осыған ұқсас "мойындауларды" Владимир Путиннен де күтетінін жазды. Бұрынғы әйелімен ажырасқан Путин жаңа отбасымен тұрып жатыр деген сыбыстың пайда болғанына көп болған. 

Әлеуметтік желіде әзілмен жазылған жазбалар да бар. Блогер Ринат Балғабаев экс-президенттің ресми биографиясы негізінде түсірілген "Көшбасшы жолы" киноэпопеясын еске алды. 

Қолданушылардың бір бөлігі кітап экс-президенттің екінші отбасын "заңдастыру" үшін жазылған деп санайды. 

Казахский чуваш: Мен басқа нәрсеге назар аудартар едім. Бізге "тоқалдан туған балаларын" заңдастыру идеясын байқатпай таңып жатыр. Міне, қараңыздар, "елбасының" жас ұлдары бар – елді басқара да алады (әлде мұны айтпады ма?). Таяққа емес, оны қалай лақтырғанына назар аудару керек. "Біз әлі қатардамыз" деген месседж. Мына кітап соған меңзеп отыр – сериал әлі бітпеді. 

Кейбірі мемуардың баяндау тәсілі "Назарбаевтың стилінен" өзгеше екенін айтып, оны басқа бір елдегі адам жазған болуы мүмкін деп топшылады.

Қолданушылар кітапта Назарбаев тұсындағы оппозициялық саясаткерлердің жұмбақ өлімі мен билік сыншыларын қудалауы, Жаңаөзендегі мұнайшыларға оқ ату сияқты маңызды сұрақтарға жауап жоғын сынады. 

Dosym Satpayev: Генри Фордтың "Менің өмірім. Менің жетістіктерім" атты кітабы болған. Н.Назарбаевтың кітабы "Менің өмірім. Менің сәтсіздіктерім" деп аталуы тиіс еді. Себебі Назарбаевқа Қазақстанды гүлденген елге айналдыру тарихи шансы берілді. Алайда ол бұл мүмкіндікті жіберіп алды, себебі ол билікті елінен артық сүйді, өзінің отбасы мен айналасын халықтан жоғары қойды. Баяғыда біреу кез келген автобиография екілік алған беттері жыртылған оқушының күнделігін елестетеді деп еді, сол рас.





Губернаторы России
Москва

Собянин: В июне в Москве пройдет цикл мероприятий для собак и их владельцев





Москва

Эксперт сенсационно раскрыл загадку Мессинга и Жириновского.


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Три из пяти участков новой трассы на юго-западе Москвы завершены — Собянин



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

The Beatles

100 лучших сольных песен The Beatles - 6




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

ТАСС: Паралимпийский комитет России провел урок и мастер-классы для участников СВО

ЦСКА разорвал дистанцию // Армейцы увеличили преимущество в финальной серии Единой лиги ВТБ

Сделано в СССР. Первое историческое ралли в Москве стартует 2 июня


Ролан Гаррос

Теннисист Рублев вышел во второй круг Открытого чемпионата Франции



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


VIP

«Гениальная идея!»: звезды о новом музыкальном лейбле Детского радио



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России