Үміт жетегінде. Мигранттар мен босқындардың хикаялары
Соғыс. Кикілжің. Климаттың өзгеруі. Экономикалық қиындықтар. Саяси қысым.
Ондаған миллион адамның өз елінен басқа жаққа көшуіне түрлі жағдай себеп болады. Бірақ олардың барлығына ортақ бір жайт бар. Олар өз қауіпсіздігіне алаңдағаннан не жақсы өмір іздегеннен бөтен елге кетті.