Ресей билігі автозактарға дәретхана орнатуға уәде берді
Ресей билігі Еуропа кеңесіне қамалғандарды тасымалдайтын көліктерді кеңейтіп, оларға дәретхана мен желдеткіш терезе орнатуға уәде берді. Халықаралық ұйымның сайтында жарияланған Ресей әділет министрлігінің есебінде осылай жазылған. Ресейдің жазаны өтеу қызметі 200 километрден астам қашыққа адам таситын көліктерге химиялық дәретхана орнатуды көздеп отыр, бұған қоса олар қамаудағы адамдарға су, тамақ беруге де уәде еткен. Бұл өзгерістің жүзеге асар мерзімі нақты айтылмайды, бірақ қазірдің өзінде Ресейдің төрт аймағында енгізілген делінеді. Читать дальше...