АҚШ пен Еуроодақ Мьянмадағы әскери хунта басшыларына санкция салды
Еуропа одағы мен АҚШ Мьянмада өткен айда болған әскери төңікеріске қатысы бар адамдарға санкция салды. Төңкерістен соң билікке келгендер демократияшыл көзқарастағы митингілерді күшпен таратып, соның кесірінен кісі қаны төгілген. 22 наурызда Еуроодақ Мьянамада әскери хунта басшысы Мин Аун Хлаинға және тоғыз жоғары лауазымды әскери тұлғаға, сонымен бірге елдің сайлау комиссиясының төрағасына санкция салу туралы шешім шығарды. Санкцияның шарттары бойынша бұл адамдарға виза бойынша шектеу қойылып, активтері бұғатталады. Читать дальше...