Сенатта қолжетімді баспана беру мәселесі талқыланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі қашан да маңызды екені даусыз. Сондықтан Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары мүдделі мемлекеттік органдармен және «Отбасы банкінің» өкілдерімен Қазақстанның тұрғын үй саясатын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.