Талдықорғанда "үтікпен азаптау" ісі бойынша айыпталған полицейлерге үкім оқылды
Бүгін Талдықорған қалалық сотында Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптады деп күдікке ілінген бес адамға сот үкімі оқылды. Олардың барлығы Қылмыстық кодекстің "азаптау" бабы (146-баптың 2-бөлігі) бойынша айыпталған. Бұл туралы сот залынан тікелей эфирде хабар таратқан The Qazaq Times басылымы хабарлады. Сот Айдын Кенжебаев пен Нұртаза Жанбақытұлын кінәлі деп танып, әрқайсысын төрт жылға бас бостандығынан айырды. Судья Сапармұрат Тоқташты үш жыл алты айға, Ермек Жұмашев пен Алмас Боқановты үш жылға бас бостандығынан айырды. Читать дальше...