Аумақтық сайлау округі белсенді Әйгерім Тілеужанды мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде тіркеуден бас тартты
Алматыдағы №3 бірмандатты аумақтық сайлау округі азаматтық белсенді Әйгерім Тілеужанды 19 наурызда өтетін мәжіліс сайлауына үміткер ретінде тіркемей қойды. 18 ақпанда үміткерлерді тіркеу аяқталуына 15 минут қалғанда комиссия мүшелері Тілеужанның сайлау жарнасын төлеген банк құжатына күмән келтірген. "Әйгерім Тілеужан 17 ақпанда жарна төлегені туралы түбіртек ұсынды. Үміткерді тіркеуге негіз болатын құжатты үйқамақта отырып ұсынғандықтан, құжаттың дұрыстығы күмән туғызады. Сол үшін Алматыдағы №3... Читать дальше...