Ливанда қаңғыбас ит қоқыста жылап жатқан тастанды сәбиді құтқарды
ТРИПОЛИ. ҚазАқпарат – Ливанның солтүстігіндегі Триполи қаласында адам сенгісіз таңғажайып оқиға болды. Қаңғыбас ит қоқыс дорбасына салынған кішкентай сәбиді құтқарды. Оны белгісіз біреулер муниципалды ғимараттың жанына тастап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат The National басылымына сілтеме жасап.