Қаңтар оқиғасы: Жоғарғы сот 7 жылға сотталған өзбек азаматының үкімін өзгеріссіз қалдырды
5 қыркүйекте Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы алаңына барды деген өзбек азаматы Нурсултон Исаевқа шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Исаевтың адвокаты Мұрат Жолшиев Азаттыққа хабарлады. Сот құжаттарына қарағанда, Glovo жеткізу қызметінде істеген Нурсултон Исаев (құжаты бойынша Isayov Nursulton Meyrbek ugli) 2022 жылғы 4 қаңтарда Алматы әкімшілігінің алдындағы алаңда болған. Былтыр 1 тамызда Алматы қаласы Бостандық аудандық соты оны "ғимараттарға... Читать дальше...