Соңғы жылдары «Орталық Азия +» форматы аясындағы ынтымақтастық жандана түсті - Президент
«Геосаяси шиеленістің күшеюіне байланысты бізге өңірдің тұрақтылығын, қауіпсіздігін және орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін күш-жігерімізді біріктіру аса маңызды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.