"Біз Арменияны тоқтатып тастаймыз". Армян оппозициясы жаппай митингіге шығатынын хабарлады
Арменияның оппозициялық күштері 25 қыркүйекте таңғы сағат сегізден бастап жаппай қарсылық акциясына шықпақ. "Қаланы тоқтатып тастаймыз. Үш күн ішінде бүкіл Армения тоқтайтын болады. Биліктің тірегі полиция ғана", – деп мәлімдеді алты күннен бері Ереван алаңында өтіп жатқан митингі кезінде ұлттық комитет мүшесі Вазген Манукян. Ол наразыларды көшеге шығуға шақырған. "Көшеге шығып, билік біздің алдымызда тізе бүккенге дейін қарсылық білдіруіміз керек", - деді оппозициялық "Айастан" фракциясының депутаты Ишхан Сагателян. Читать дальше...