Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Январь
2023

Тоқаев "Қаңтарда қатердің беті қайтарылып, қарашада әділ сайлау" өткенін айтты

0
Тоқаев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты жаңа, 2023 жылмен құттықтап сөйлеген сөзінде аяқталған жыл "күрделі" болғанын айтты.

"Қаңтар айында тәуелсіздік тарихындағы зор сын-қатерге тап болдық. Бірақ халқымыздың мызғымас бірлігінің арқасында біз осы қатердің бетін қайтардық. Елдігімізді сақтап қалдық" деді Тоқаев Жаңа жыл қарсаңында мемлекеттік телеарналардан көрсетілген дәстүрлі сөзінде.

Бір жыл бұрын Қазақстанның бірнеше ірі қаласында үкіметке қарсы бейбіт митингілердің аяғы дүрбелеңге ұласып, Тоқаев "сырттан дайындалып келген 20 мың бандит шабуылдағанын" айтып, елде төтенше жағдай жариялап, күш құрылымдарына "ескертусіз атып, көзін жоюға бұйрық бергенін" мәлімдеген. Оның сұрауымен, Ресейдің ықпалы мол Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Қазақстанға әскер енгізді. Ресми дерек бойынша, Қаңтар оқиғасында кемінде 238 адам мерт болған. Оққа ұшқандар арасында бейбіт тұрғындар, кәмелетке толмаған балалар бар. Қазақстандық және халықаралық құқық қорғаушылардың шетелдік сарапшыларды қатыстыра отырып ашық зерттеу жүргізу жөнінде бірнеше рет айтқан ұсынысын Ақорда кері қаққан. Жақында құқық қорғаушылар Қазақстан билігін Қаңтар оқиғасын біржақты тергеді деп сынады.

Тоқаев 2022 жылы "референдум өткізіп, шын мәнінде жаңа Конституциямызды қабылдадық, онда нағыз әділдік рухы көрініс тапты" деді.

Маусымда ұйымдастырылған жалпыхалықтық референдумнен екі ай өткеннен кейін оның бастамасымен парламент Конституцияға ел президенті 7 жылдық мерзімге бір-ақ сайланатыны туралы өзгеріс енгізген. Қарашада кезектен тыс өткен сайлаудың ресми қорытындысы бойынша Тоқаев 2029 жылға дейінгі мерзімге президент болып сайланған. "

Президент сайлауы ашық және әділ өтті" деді Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылау миссиясы "шынайы бәсеке болмады, әділ өткен жоқ" деп сынаған саяси науқан жайлы.

"Барыс жылы ауқымды өзгерістер мен жаңа дәуірдің бастауы болды" деген Тоқаев елде жаңадан үш облыс құрылып, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өткенін, 400 мыңға жуық сәби дүниеге келіп, 23 миллион тонна астық жиналғанын айтты. "Бос жатқан 5 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды, бірнеше ірі өндіріс іске қосылды, мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылды, "Қазақстан халқына" қоры құрылып, көптеген азаматқа нақты көмек көрсетіліп жатыр" деді ол.

"Күрделі геосаяси жағдайда Қазақстанның халықаралық беделін арттырдық, бірқатар алпауыт елдердің сенімді серіктесі атандық" деді Тоқаев.

Ол 2023 жылы парламент пен жергілікті мәслихаттар сайлауы өтетінін, бұған қоса аудан әкімдерін азаматтар тікелей өздері сайлайтынын еске салды.

"Бұл елде жаңа демократиялық дәстүрлер қалыптастырып, саяси мәдениетті көтеретініне сенімім кәміл. Адам құқын қорғау ісінде елеулі прогреске қол жетті. Экономикамыздың құрылымын қайта құру мен монополиядан арылтудың күрделі процесі басталды, мұнымен тоқтамаймыз" деді президент.

Ол жаңа жылда мемлекет сапалы жол, мектеп пен аурухана салу, тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасауды жалғастырады деп уәде етті. "Инфляцияны ауыздықтап, азаматтардың шынайы кірісін арттыру, өндірісті жолға қою үкіметтің ең бірінші міндеті болып қала береді" деді Тоқаев.





Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин назвал победителей конкурса «Педагоги года Москвы»





Москва

«СВЯТОЙ ЛЕНИН» легально изготавливает армии и спецслужбы. 6 серия. СЕРЬЁЗНЫЙ НОВОСТНОЙ СЕРИАЛ.


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин: 10 тыс. человек получили медпомощь в обновленных приемных отделениях



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Михаил Кутушов

Доктор Кутушов назвал болезни, которые поджидают отдыхающих у водоёмов




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Представители KAMA TYRES приняли участие в 57-й легкоатлетической эстафете

Волонтеры Президентской академии в Санкт-Петербурге вносят свой вклад в развитие и повышение доступности спорта для граждан

VK Fest 2024: Музыка и Развлечения на Открытых Площадках России


Уимблдон

Елена Рыбакина удивила решением перед Уимблдоном



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Стоматолог Владимир Лосев: сколько времени нужно носить брекеты



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России