Елімізде жарнама саласында көрсетілген қызмет көлемі төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Былтырғы қаңтар-қыркүйек аралығында жарнама қызметі және нарық конъюнктурасын зерттеу саласындағы көрсетілген қызмет көлемі 228,7 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,4%-ға аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат.