Тоқаев оқ атуға бұйрық берген күн. Құрбандарға құран бағыштай алмаған белсенділер
7 қаңтарда Қазақстанның кемі үш өңірінде 10-ға жуық белсендіні полиция ұстап, бірнеше сағаттан соң босатқан. Олар бір жыл бұрын Қаңтарда қаза болған құрбандарға құран бағыштағысы келген. Алайда көбі қаладағы орталық алаңға жетіп үлгермеген.