Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Январь
2023

Атырауда Қаңтарға байланысты айыпталған 27 адам "процессуалдық келісім жасасуды сұрады"

0
Атырауда Қаңтарға байланысты айыпталған 27 адам

10 қаңтарда Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 27 адам прокурормен процессуалдық келісім жасасуға өтініш берді.

Олар сотта "кінәларын мойындайтынын", "дәлелдерді дауламайтынын" айтып, судьядан прокурормен процессуалдық келісім жүргізуге уақыт сұрап, өтініш тапсырды.

Судья Зарема Хамидуллина олардың бәрінен "өтінішті өз еріктеріңізбен жаздыңыздар ма?" деп сұрады. Айыпталушылар "мұндай қадамға өз еріктерімен, ешкімнің қысымынсыз барғандарын" айтты.

Арасында жәбірленушілерден кешірім сұрап, татуласқанын да айтқандар болды.

4 қаңтардағы отырыста 27 адамға қатысты жаңа айыптау актісі оқылып, айыпталушылардың айыбы жеңілдеген еді. Оларға басында "Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу", "Билік өкіліне күш қолдану", "Қаруды заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау", "Қаруды жымқыру", "Ұрлық", "Тонау", "Көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу", "Құжаттарды заңсыз алып қою, бүлдіру" айыптары тағылған.

Жаңа айыптау актісіне сәйкес, Оралбек Айсин, Ринат Әбішев, Дулат Бекжановтың айыбы "аса ауыр қылмыс" санатынын "ауыр қылмыс" санатына түсірілді. Көбінің айыбы "жәбірленушінің денсаулығына қауіпті күш қолдану" айыбынан "денсаулығына қауіпті емес күш қолдану" айыбына ауыстырылды.

“Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу", "Құжаттарды заңсыз алып қою, бүлдіру", "Ұрлау", "Тонау", "Билік өкілінің өміріне қол сұқты" деген айыптар алынып тасталды.

Айыпталушылар мен жәбірленушілер сотта жаңа айыптау актісімен келіскен.

Айыптарды жеңілдетуге жәбірленуші деп танылған полицейлердің сотта Қаңтар оқиғасында жеңіл жарақат алғанын, өміріне қауіп төнетін жағдай болмады деген жауаптары және сотта тексерліген бейнежазбалар негіз болған.

Полицейлер сотталушыларға арыз-талабы жоғын, бірақ билік өкілі ретінде шешімді сот қарауына қалдыратынын айтқан. Олардың кейбірі сотталушылар арасында 5 қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде өздеріне араша түсіп, көмек бергендер де бар екенін жеткізген.

Бұған қоса, сотталушылардың кәмелет жасқа толмаған балалары бары және "кінәларын мойындағаны" да айыпты қайта саралауға себеп болғаны айтылды.

Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталған 27 адамның төртеуі тергеу абақтысында отыр. Қалғаны үйқамақта және ешқайда кетпейтіні туралы қолхатпен босатылған.

Атырауда 27 адамның ісінен бөлек, Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған Ерлан Дәулетияровтың ісі қаралып жатыр. Оған былтыр қаңтарда "жаппай тәртіпсіздікке қатысты", "билік өкіліне күш қолданды" деген айыптар тағылған.

Кәмелетке толмаған бес баланың әкесі бұған дейін іздеуде болған. Сот процесі былтыр 1 қарашада басталды. Бірінші отырыста Дәулетияров өз кінәсін "толық мойындап, дәлел дерегімен келісіп", адвокаты процессуалдық келісім жасау туралы өтініш берді. Прокурор қарсылық білдірмеді.

Іс бойынша, сотталушы полиция қызметкерін ұрған деп айыпталып отыр. Бұл істе де жәбірленуші ретінде 27 адамның сотында жәбірленуші деп танылған полиция қызметкері қатысып отыр.

Былтыр қаңтардың басында Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында сұйылтылған газдың қымбаттауы түрткі болған наразылық елдің өзге өңірлеріне тез тарап, кейін бұл оқиға бірнеше қалада қантөгіске ұласқан. Атырауда да жұрт алдымен Исатай мен Махамбет алаңына жиналып, кейін әкімдікке қарай беттеген. Әкімдік алдында полиция мен наразылар арасында қақтығыс болған. Қақтығыс кезінде Атырау тұрғыны Алмаз Берекеновтің басына оқ тиіп қаза болған.





Губернаторы России
Москва

Собянин открыл после реконструкции приемное отделение Морозовской ДГКБ





Москва

Филиал № 4 ОСФР по Москве и Московской области информирует: Отделение СФР по Москве и Московской области в текущем году компенсировало стоимость полиса ОСАГО более 600 жителям региона


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин рассказал о планах развития Мнёвниковской поймы



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Юрий Башмет

Юрий Башмет, Константин Хабенский и Ольга Литвинова выступили на главной сцене в Михайловском




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

"Евро-Футбол.Ру": "Спартак" летом хочет приобрести вингера

Серебро «Кубка МЧС России по боксу» завоевал бердчанин Владислав Ефременко

Альбина Мухаметзянова на ПМЭФ объявила о выходе сериала «Команда МАТЧ» в Казахстане


Елена Веснина

«Мирра Андреева обладает удивительной выживаемостью» // Олимпийская чемпионка по теннису Елена Веснина об итогах женского Roland Garros



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Звонкий

«Эмоции нужно выражать культурно»: рэпер Звонкий — о политических взглядах, зрителях и хорошем вкусе



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России