Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Январь
2023

Жаңаөзенде жұмыс сұрап, әкімдік алдында қонбақ болған үш адам 10 күнге қамалды

0
Жаңаөзенде жұмыс сұрап, әкімдік алдында қонбақ болған үш адам 10 күнге қамалды

Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында жұмыс сұрап, әкімдік алдында қонбақ болған үш адам – Аллаберген Молдабай, Бейсен Бағдат пен Ұлан Сейіловті полиция 24 қаңтарда ұстап, ізінше сот әрқайсысын 10 күнге қамады. Бұл жөнінде Facebook-те жаңаөзендік белсенділер хабарлады. Сот шешіміне қарағанда, оларға "Полиция талабына бағынбау" бабы (667-баптың 1-бөлігі) бойынша айып тағылған. Жауапкерлер айыпты мойындамаған.

Жаңаөзен белсенділері 26 қаңтарда Азаттыққа: "Мемлекет 80 адамды оқытып, жалақысы жақсы жұмысқа орналастыруға уәде берген. Сол 80-нің ішінде уәде етілген жұмысына орналаспай қалғаны осы үш жігіт болатын. Амалы таусылған олар 24 қаңтарда әкімдік алдына қонбақ болған, бірақ оларды полиция ұстап алып кетті. Ұсталғандардың туыстарынан естігенім осы" деді.

Дегенмен Азаттық жұмысқа орналастыру туралы ақпаратқа қатысты әкімдік өкілдерінен жауап ала алмады.

Сот шешіміне сүйенсек, 24 қаңтарда Жаңаөзен әкімдігі алдында "бір топ адам заңсыз шеру ұйымдастырып, жерге көрпе төсеп отырған". Сот құжатына қарағанда, 29 жастағы Молдабай Алдаберген, 29 жастағы Бағдат Бейсен және 28 жастағы Ұлан Ибрагимов "жеке басын анықтау мақсатында көлікке отырыңыз деген" полиция қызметкерлерінің "заңды талабына бағынбаған".

Сот отырысы кезінде жауапкерлер тағылған айыптарды мойындамаған. Сот кезінде Ұлан Ибрагимов "ешқандай заңсыз митингіге" бармағанын, достары Аллаберген мен Бағдат үшеуі тұрақты жұмысқа қол жеткізу мақсатында әкімдік алдына келгенін айтқан. Жауапкерлер сотта "полиция қызметкерлері ештеңе ескерткен жоқ, оларға қарсылық көрсетпедік" деді.

Сот шешімі 24 қаңтарда күшіне енген.

Жергілікті белсенділердің сөзіне қарағанда, 24 қаңтарда осы үш азамат ұсталған соң, жастар әкімдік алдына жиналуын қойған. Алма есімді келіншек бейсенбі күні Азаттыққа "бүгін әкімдік алдына ешкім жиналмады" деді. Бірақ Азаттық бұл ақпаратты өзге белсенділерден растата алмады.

Жаңаөзен тұрғындарының әкімдіктен мұнай мен газ саласынан жұмыс талап етіп жүргеніне бірнеше жыл болды. Жуырда олардың ереуілді қайта бастағаны хабарланған еді. Жұмыссыз азаматтар бұған дейін Астанаға барып, еңбек министрлігі алдында түнеген. Биліктен жұмыс талап етіп жүргендер басқа салалардағы айлық жалақы өмір сүруге жетпейтінін айтады.

Билік өкілдері "жұмыссыз азаматтардың талабын орындай алмайтынын, барлығын бірдей мұнай-газ саласына орналастыра алмайтынын" айтқан. Былтыр жазда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аймақта жұмыссыздардың мұнай-газ саласынан жұмыс талап етуін "әділетсіз" деп, "бұл талапқа көне алмаймыз" деген еді.

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетовтің Азаттық тілшісіне берген мәліметіне қарағанда, Жаңаөзенде тұратын 160 мыңнан астам адамның 5647-сі ресми тіркелген жұмыссыздар деп есептеледі.

Маңғыстау облысы әкімдігінің есебінше, өңірде 17 мың адам жұмыссыздардың ресми есебінде. Қыс-көктем айларындағы наразылықтан соң облыс әкімдігі құрған комиссия жұмыссыздар саны 11 000 адам болғанын айтқан.





Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин. Главное за день





Москва

Слушатель из Смоленска выиграл на «Авторадио» «Москвич 3»


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин рассказал о работе хаба молодежного предпринимательства



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Metallica

Лидер Metallica Джеймс Хэтфилд рассказал, что ему снились кошмары перед туром




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

После концерта и в дождь дороже: как складываются цены на поездки на такси

«23 and Friends»: в Москве состоялся спортивно-музыкальный фестиваль Аш 23

Ход конем. В Москве на Гоголевском бульваре открылся летний шахматный клуб


Анастасия Потапова

Ролан Гаррос. Расписание 2 июня. Потапова и Швентек сыграют первым запуском, Синнер – последним



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Новости 24 часа

Студенты Академии Игоря Крутого раскрыли свои таланты



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России