Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Январь
2023

АҚШ-та полиция қызметкерлері ер адамды өлімші етіп сабағаннан кейін наразылық тұтанды

0
АҚШ-та полиция қызметкерлері ер адамды өлімші етіп сабағаннан кейін наразылық тұтанды

АҚШ-тың Мемфис қаласында (Теннеси штаты) полицейлер Тайр Николсты "көлігін сақ айдамағаны үшін" өлімші етіп сабаған. Николстың өлімі жайлы видео жарияланғаннан кейін мыңдаған азамат полицейлердің күш қолдануына қарсылық танытып, көшеге шықты. Бес полицейге адам өлтіру бабы бойынша айып тағылды. 

Полиция қызметкерлері 29 жастағы қара нәсілді Николсты қаңтар басында "көлікті сақ айдамағаны үшін" тоқтатқан. Полицейлер арасында қара нәсілділер де болған.

Кейін Мемфис полиция департаментінің бастығы Николстың ереже бұзбағанын айтқан. 

Мемфис полициясы Николсты сабап жатқан кадрлары бар әр жерден түсірілген төрт видео жариялады. Видеода офицерлердің Николсты резеңке таяқ, жұдырықпен ұрып, епкені көрінеді. Офицерлер оны басы мен бетінен де ұрған. Асфальтта ауыр халде жатқан Николс анасын шақырады. Полиция қызметкерінің оны кісендеулі күйде жатқан кезде де басынан екі рет тепкені көрінеді. Офицерлердің ешқайсысы Николсқа көмектесуге тырыспаған. 

Ауыр жарақат алғанына қарамастан Николс ауруханаға тек жарты сағат өткеннен кейін жеткізілген. Үш күннен соң ол қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама Николс "қатты соққыға жығылып, қан кеткеннен кейін" қайтыс болғанын көрсеткен. Сараптама қорытындысын Николстың отбасының адвокаты хабарлаған. 

Николсты өлімші етіп сабаған бес полицей қызметінен босатылды. Оларға адам өлтіру және өзге баптар бойынша айыптар тағылды. Видеода одан да көп полицей көрінеді. Николс отбасының адвокаты қалғандарына қатысты сұрау жолдады. 

Николстың өлімі туралы видео жарияланғаннан кейін мыңдаған америкалық көшеге шығып, полицейлердің күш қолдануына қарсылық білдірді. Енді ірі акциялар Мемфис пен елдің кемінде жеті ірі қаласында, оның ішінде Вашингтон мен Нью-Йоркте де өтпек. 

Ұлының өлімі жайлы видеоларға қарай алмаған Николстың анасы америкалықтардан "тыныш әрі бейбіт" шерулетуді өтінді. АҚШ президенті Джо Байден таратқан мәлімдемесінде Николстың отбасының бейбіт шеруге үндеуін қолдаған. Байден сонымен бірге марқұмның жақындарымен сөйлесіп, "жылдам, жан-жақты әрі ашық тергеу" болады дегенге үміт білдірген.  

АҚШ-та афроамерикалық Джордж Флойдтың өліміне қатысты айыпталған полицейлердің соңғыларына үкім шыққаннан кейін шамамен жарты жылдан соң тағы бір адам полицейлер қолынан қаза тауып отыр. 

2020 жылы мамыр айында АҚШ-тың Миннесота штатында  дүкенде жалған купюра өткізген деген күдікке ілінген 46 жастағы Джордж Флойдты полиция ұстаған. Полиция офицері Дерек Шовиннің жерде жатқан Флойдты мойнынан тізесімен басып, тоғыз минуттан астам уақыт бойы тапжылтпай ұстағаны жайлы видео жұртқа тараған. Онда Флойдтың дем жетпей жатқанын айтып айқайлағаны, анасын шақырғаны естіледі. Сол күні кешке полиция Флойдты Миннеаполистегі ауруханаға жеткізіп, ол сонда қайтыс болды.

2021 жылы сот 45 жастағы Дерек Шовинді 22 жарым жылға түрмеге қамауға үкім шығарды. Шовин тағылған айыптарды мойындамады. 

Джордж Флойдтың отбасына Миннеаполис билігі 27 млн доллар төлеуге келісті. Бұл Миннесота штатында адам өліміне қатысты түсірілген азаматтық шағым бойынша төленген ең ірі сома.





Губернаторы России
Москва

Неделя мэра: завод «Москвич», гранты для школ искусств и система городских вокзалов





Москва

Россия, Культура, Дети: конкурс на новую эмблему обьявил Театр Ульгэр в Республике Бурятия


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Столичный мэр реорганизовал управы в ТиНАО



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Булат Окуджава

В БРХК прошел Урок памяти Булата Окуджавы




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Ярославское шоссе стало лидером сезонного спроса на спортивные площадки в коттеджных комплексах

ПОДГОТОВИТЬСЯ К ЛЕТНЕМУ СЕЗОНУ? ЛЕГКО! ВМЕСТЕ С ПЛАТФОРМОЙ FITSTARS НА УМНЫХ ТЕЛЕВИЗОРАХ LG

В ЦСКА рассказали о тяжести травмы голкипера Владислава Торопа


WTA

Соболенко вышла в полуфинал турнира WTA в Риме



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

На востоке Москвы восьмиклассник выстрелил с балкона в школьника и попал ему в бедро



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России